Алматы жолдарының сапасын бақылайтын мекемеге жаңа басшы тағайындалды
Almaty.tv
Айбол Жасымұлы бұған дейін мекеменің Қарағанды облыстық филиалын басқарған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Алматы қалалық филиалына жаңа директор тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Филиалдың жаңа директоры болып Бидайбеков Айбол Жасымұлы тағайындалды. Ол бұған дейін мекеменің Қарағанды облыстық филиалын басқарған.
Жаңа басшыны ұжымға «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК бас директоры Замир Садықұлы Сағынов таныстырды.
Айбол Бидайбеков 1964 жылы Қарағанды облысы Ағадыр ауданында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Автомобиль жолдары институтында білім алған.
1991 жылы еңбек жолын туған жерінде бастаған ол «Жезқазған жолдары», «Казахавтодор», «Қазавтожол» мекемелерінде лауазымды қызмет атқарған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
08.11.2026 12:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
08.11.2026 09:21
Ішкі үйлесімге көңіл бөліңіз: 7 қарашаға арналған жұлдыз жорамал
07.11.2026 09:55
7 қарашаға арналған валюта бағамы
07.11.2026 09:01
8 қарашаға арналған валюта бағамы
08.11.2026 09:00