|
16.07.2019 | 15:28
1994

Қазақстан жол сапасы бойынша әлемде 106-орында тұр

Елімізде автомобиль жолдарының ұзындығы – 85,6 мың шақырымды құрайды

Қазақстан жол сапасы бойынша әлемде 106-орында тұр

Дүниежүзілік экономикалық форумның жариялаған ақпаратына сәйкес, жолдардың сапасы бойынша Қазақстан 140 елдің ішінде 106-орында тұр, деп хабарлайды «QazAvtoJol» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

«Аталған форумға жолдардың сапасы жөніндегі ақпаратты еліміздегі «Стратегиялық бастамалар орталығы» есеп түрінде берген. Ал, орталық өз кезегінде заңды тұлғалардан әлеуметтік сауалнама жүргізу арқылы ақпарат жинайтынын айтып отыр. Мысалы, жолдардың сапасы бойынша сауалнама жүргізу әдістемесі орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерінде онлайн өткізілген. Бұл сауалнамада тек республикалық маңызы бар жолдар ғана емес, облыстық және аудандық маңызы бар, елді мекендердің көшелеріндегі жолдар да қамтылады. Сұралатын заңды тұлғалардың құрамына: оның 55%-ы қызмет көрсету саласындағы субъектілер, 30% – өнеркәсіп, 8% – ауыл шаруашылығы және 7% – шағын кәсіпкерлік субъектілері кіреді», – делінген хабарламада.

Бүгінде Қазақстанда жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы – 85,6 мың шақырымды құрайды. Оның ішінде 24 100 шақырым республикалық маңызы бар жолдар, яғни, «QazAvtoJol» ҰК» АҚ жауапкершілігіне еліміздегі автожолдың 28%-ы ғана тиесілі.

Сонымен қатар, Дүниежүзілік экономикалық форумында Open Street Maps b Google Directions және Geonames деректер базасына негізделген республикалық маңызы бар жолдар сапасының жай-күйінің рейтингісі жүргізіледі. Соның ішінде 10 немесе одан да көп ірі экономикалық қалаларды байланыстыратын маршрут қозғалысының орташа жылдамдығының көрсеткіші бойынша (жол қозғалысы сапасының индексі) Қазақстан 140 елдің ішінде 59-шы орында тұр.

Қазіргі уақытта «QazAvtoJol» ҰК» АҚ қайта құру және күрделі жөндеу жұмыстары бойынша ұзындығы 4 870 шақырым болатын 70 жобаны жүзеге асыруда.

2018 жылдың қорытындысы бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдары деңгейінің көрсеткіші 51%-ы жақсы, 36%-ы қанағаттанарлық және 13%-ы қанағаттанарлықсыз жағдайда деп баға берілген.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир