Алматы облысында «Жол қозғалысының қауіпсізігі» жобасы іске қосылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің брифингінде мәлім болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Статистика бойынша өткен жылы облыс аумағында 1 700-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Онда 2 369 адам зардап шегіп, 300-ден астам адам қаза тапқан. Оның ішінде 30 бала бар. Қазірдің өзінде әр ауданда прокуратура, полиция, әкімдік қызметкерлері мен қоғам қайраткерлерінен мобильді топтар құрылып, жолдардың проблемалық учаскелерін анықтап, оларды жою бойынша мақсатты шараларды жүргізіліп жатыр. Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленовтың айтуынша, полиция қызметкерлері жолдар мен жол желілеріне 1 270 тексеру жүргізген. Нәтижесінде 1276 ұйғарым шығарылды. Жолдарды күтіп ұстау талаптарын орындамағаны үшін 164 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды. Қауіпті аймақтарға 29 аппараттық-бағдарламалық кешен орнатылды Қосымша тағы 120-дан астам осындай кешен орнату жоспарда бар», - деп атап өтті министрліктен.
Дереккөз: ҚазАқпарат