«Жасыл Даму» АҚ әкімшісі кәдеге жарату төлемін уақытша қабылдамайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.
«Жасыл Даму» қазіргі уақытта «ӨКМ Операторы» ЖШС-ға қатысты құзырлы органдар тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.
«Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін басқару функциясын бұрынғы оператордан «Жасыл Даму» АҚ басшылығына беру процесі аяқталмады»,- делінген хабарламада.
Осыған байланысты, мынадай қызметтер уақытша тоқтатылған:
Экологиялық кодексте көзделген басқа да түрлер.
Акционерлік қоғам барлық ұйымдастырушылық-құқықтық процестер аяқталғаннан кейін, серверлік бағдарламалық қамтамасыз етуге толық рұқсат алғаннан кейін «Жасыл Даму» АҚ барлық міндеттемелерін орындайтынын мәлімдеді.
«Бізге қатысы жоқ себептерге байланысты қазір мұны істеу мүмкін емес. Біз азаматтардан жағдайға түсінікпен қарауды және қызметтің қайта жандануын күтуді сұраймыз. Ақпараттық жүйелер бойынша жұмыстың басталғаны кейінірек хабарланады», - деді компания өкілдері.