Алматыда жаңа автобустар жолға шықты

Алматыда жаңа автобустар жолға шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланы аралау барысында жаңа техника сатып алған тасымалдаушылардың автопаркінде болды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгін едені төмен, Евро-5 санаттағы экологиялық жанармаймен жүретін «Yutong» автобустары №7 маршрутқа шықты. Жаңа автобустар кондиционерлермен, видеобақылау камераларымен жабдықталған. Жыл соңына дейін қаладағы автопарк 100 пайызға жаңармақ. Жақын арада тағы 500 автобус Алматыға жеткізіледі. Қала тұрғындарының сұрауымен Алматы әкімдігі бұл көліктерді №38 және №48 маршруттарға шығармақ.

Шаһардың экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында электр энергиясымен жүретін көлік санын көбейту көзделіп отыр. Осы мақсатта үшінші буындағы электроавтобустар құрастыратын Қазақстан-Германия-Гонконг бірлескен зауыты салынып, 300 орындық автопарк құрылған болатын.

«Алматыда жасалған алғашқы 10 автобус таяуда бағытқа қойылады. Троллейбус байланыс желілерін дамыту үшін жобалық-сметалық құжаттама жасалды. Жаздың соңына дейін 50 электрондық табло орнатылады», – делінген баспасөз қызметінде.

Жалпы, соңғы үш жылда Алматы автобус паркіне 1113 қоғамдық көлік жаңартылды.  

Новости партнеров