Алматы облысында республикалық маңызы бар автожол бір күнге жабылады
turizmdom.ru
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы облысында республикалық маңызы бар автожол жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Нұртас» ЖШС хабарлауы бойынша республикалық маңызы бар «Сарыөзек-Көктал» автожолында 45-68 шақырым учаскесінде реконстукциялық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 2022 жылғы 8 сәуір күні сағат 9:00-ден бастап 9 сәуір аралығында бұрғылау-жару жұмыстары жүргізілетін болады. Осыған байланысты автокөлік жолының осы учаскесі автокөліктің барлық түрлері үшін жабық болады» - делінген хабарламада.
Алматы облысының ТЖ департаменті азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды және өз бағытын алдын ала түзетуді, сондай-ақ 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
10.11.2026 09:40
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
10.11.2026 13:50
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10