Алматыда 460-тан астам жаңа автобус жолға шығады

Алматыда 460-тан астам жаңа автобус жолға шығады
Жаңа жылжымалы құрам Евро-5 экологиялық стандартқа сай жабдықталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда көлікті реформалау аясында жылжымалы құрамды жаңарту және қаланың бағыт жүйесін ұлғайту жалғасуда. Биыл тасымалдаушылар тағы 460-тан астам жаңа автобус алуды жоспарлап отыр деп хабарлайды Алматы қаласының Мобилділік басқармасы.

Жаңа жылжымалы құрам Евро-5 экологиялық стандартқа сай және кондиционерлермен, видеобақылау камераларымен, пандустармен жабдықталған. Қалада жыл басынан бері 125 жаңа автобус №65, №60, №14 бағыттары бойынша жолға шығып үлгерген.

Айта кетерлігі, қаладағы автобус паркінің 80%-ға жаңаруына қолма-қол ақысыз төлем жасайтын «Оңай» жүйесін енгізу арқасында қол жетті. Егер бұрындары автопарктер бюджет қаржысы есебінен жаңарса, қазір тасымалдаушылар өз қаржыларын инвестициялауға ммүкіндік беретін ашық нарықтық механизмді ұтымды қолдануда.

Жалпы, Алматыда көлік реформасы аясында екі жыл ішінде ғана қаланың автобус паркі 80%-ға жаңарды, шаһарда еліміздегі алғашқы BRT желісі жұмыс істей бастады, каршэринг қызметі енгізілді, метроның екі стансасының құрылысы жалғасуда және LRT қолға алынды.

Бұлардан өзге, 15 сәуірден бастап қалада 120-дан астам көшені орташа жөндеу басталады, 14 ықшам аудандағы 456 көшеге жаңа жолдар салынады. Ең бастысы, жөндеу жұмыстары қоғамдық көліктің жүру кестесі мен бағыт қозғалысына кері әсерін тигізбейді. Кептелісті болдырмау үшін жолды толық жабу тек түн мезгілінде ғана жүргізіледі.

Новости партнеров