Қаржы мұқтаж аудандарға бөлінеді: Әл-Фараби даңғылына жөндеу жұмыстары жүргізілмейді

almaty.today
almaty.today
Ерболат Досаев 2 млрд теңгенің қаладағы жолы сапасыз аудандарға қайта бөліетінін айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда халық санының өсуі мен маятниктік көші-қонның жоғары қарқыны жағдайында көлік, әлеуметтік, тұрғын үй және басқа да инфрақұрылымдарды дамыту мәселесі ерекше өткір тұр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жаңа Алматыны кешенді дамыту жоспары аясында кемінде 100 шақырым жаңа жол салынады.

«Әл-Фараби даңғылының Үлкен Алматы айналма жолынан Саин көшесіне дейінгі аралықтағы аумағын орташа жөндеуге жоспарланған 2 миллиард теңгені қаладағы сапалы жолы жоқ немесе жол төсеніші сапасыз аудандардың жол құрылысына қайта бөлу туралы шешім қабылдағанымды мәлімдеймін. Резервтерді іздестіру жұмыстары жалғасады», - деп атап өтті Ерболат Досаев.  

2022 жылы қаладағы 2 жол айрығындағы және Әуезов көшесін ұзарту жұмыстары аяқталады.

«Осы жылдың мамыр айында жоспарланып отырған 2 метростанциясының іске қосылуы жолаушылар ағынын күнделікті 30-дан 86 мың адамға дейін арттырады», - деді шаһар басшысы.

Новости партнеров