|
22.01.2019 | 16:09
2827

Министр бензиннің арзандауын түсіндірді

Министр бензиннің арзандауын түсіндірді

Алматыда бензин арзандап кетті. Қаладағы жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензинінің бір литрі 156 теңгеден 149 теңгеге түсті. Нарықтағы бензин бағасының күрт төмендеуі себебін бүгін Энергетика министрі Қанат Бозымбаев түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ведомство басшысының сөзінше, жанар-жағармайдың арзандауы отандық мұнай өңдеу зауыттарында бензиннің тым көп өндірілуімен байланысты. Алайда, Бозымбаев нарықтағы бағаны министрліктің реттей алмайтынын еске салды. Ал өзге облыстардағы бензин бағасына болжам жасай алмаймын деді.

«Қаңтардан бері Қазақстанда бензин профициті, яғни тым көп көлемде өндірілгені байқалады. Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында тауарбастылық, барлық резервуардың толып қалу қаупі туындады. Жалпы, елде де солай. Сол себепті, мұнай өңдеу зауыттарындағы жүктемені де азайттық», – деді ҚР Энергетика министрі Қанат БОЗЫМБАЕВ.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир