Елорда әуежайы 15 шілдеден бастап қысқартылған жұмыс кестесіне көшеді

egemen.kz
egemen.kz
Жергілікті уақыт бойынша 11:00-ден 18:00-ге дейін ұшып-қону жолағына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы бір айға жуық уақыт қысқартылған режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty.tv. 

«Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында 2022 жылғы 15 шілде мен 8 тамыз аралығында жергілікті уақыт бойынша 11:00-ден 18:00-ге дейін ұшып-қону жолағына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Осыған байланысты әуежайдың жұмыс регламенті өзгереді. Жөндеу жұмысы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын жүргізіледі. Ол туралы шешім биыл ақпан айында қабылданды. Сонымен қатар қысқартылған жұмыс кестесі туралы ақпарат әуе компанияларға уақтылы жіберілді», - делінген ресми ақпаратта. 

Сондай-ақ, хабарламада әуе компаниялардың қысқартылған жұмыс режиміне сәйкес рейстер кестесіне өзгерістер енгізілгені айтылған.

«Әуежайдың жұмыс тәртібін өзгерту - әлемдік тәжірибе. Аталған процесс әлемдегі барлық әуежайға тән», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Дереккөз: ҚазАқпарат.


Новости партнеров