Көптеген тұрғындардың өтініші бойынша кейбір бағыттағы пойыздардың қозғалыс кестесі өзгереді, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
«Нұр-Сұлтан-Нұрлы-жол-Риддер» №375/376 жолаушылар пойызының жүру бағыты өзгереді. 2019 жылдың 22 мамырынан бастап бұл пойыз Семей-Шар-Өскемен (Семей-Локоть- Өскемен орнына) темір жол учаскесінен өтетін болады. Сондай-ақ №086 «Нұр-Сұлтан-Сарыағаш» жолаушылар пойызының да бағыты өзгереді. Ол елордадағы «Нұр-Сұлтан-Нұрлы-жол» темір жол вокзалынан аттанып, осы вокзалға келетін болады. Пойыз кестесі туралы ақпаратты «105» анықтама телефоны арқылы біле аласыздар», - делінген хабарламада.
Тасымалдаушы компания жолаушыларға сапарды алдын ала жоспарлау керектігін ескертеді. Билеттерді темір жол кассаларынан немесе ресми сайттан онлайн сатып алуға болады.
Компания өкілдерінің айтуынша, билет сатып алған кезде бейтаныс адамдардың көмегіне жүгінуге болмайды. Себебі билеттер заңсыз сатылып жатса керек. Егер сондай жағдаймен ұшырасқан жолаушылар болса, Полиция департаментінің желілік полиция бөліміне хабарласуына болады.