1 маусымнан бастап жолаушылар пойызы іске қосылады: ҚР Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің талабы қандай?

Almaty.tv
Almaty.tv
Өңірлердегі эпидемиологиялық жағдай ескеріледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде 1 маусымнан бастап жолаушылар пойызы кезең-кезеңмен жүре бастайды, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Алайда өңірлердегі эпидемиологиялық жағдай да ескеріледі. Атап айтқанда, бастапқы кезеңде 54 пойыз іске қосылады деп жоспарлануда. Оның ішінде – Нұр-Сұлтан - Алматы, Маңғыстау, Өскемен, Сарыағаш, Семей, Арқалық, Павлодар, Петропавл-Қызыл Ту, Орал, Жезқазған, Қызылорда, Қарағанды, Көкшетау, Шымкент, Ақтөбе бағыттары қайта жанданады. Сонымен қатар қала маңындағы бағыттар бойынша да пойыздар жүре бастайды. 

Жол жүру билеттерін сату 15 мамырдан басталады. Алайда ҚР Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің ұсынымдары қатаң сақталуы тиіс. Талапқа сәйкес жолаушыларды шығарып салушылар вокзалға кірмейді, міндетті түрде маска және қолғап киюлері керек, отырғызу және түсіру кезінде азаматтар  қашықтықты сақтауы қажет делінген.

«Мекемеге жолаушыларды тек бетпердемен және билеттермен кіргіземіз. Шығарып салушыларға кіруге рұқсат етілмейді. Әлеуметтік арақашықтық сақталады.  Вагондардың ішіндегі ылғалды тазалау мерзімін ұлғайтылып, жасақтау бекеттерінде дезинфекция жүргізіледі», – деді ҚР Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас БАЙҒАБЫЛОВ

Новости партнеров