Алматыға бір күнде қанша машина кіреді

elements.envato.com
elements.envato.com
Алматыда 617 мыңға жуық автомобиль тіркелген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Полиция департаментінің мәліметінше, 10 негізгі магистраль бойынша Алматы аумағына жұмыс күндері орта есеппен 400 мыңнан астам автомобиль, облыстан қалаға кіретін қосымша 17 жолмен 300 мыңнан астам көлік келеді. 

Алматыға 700 мыңнан астам машина кіреді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл шамамен қала халқының үштен бірі 2,147 млн адам. 2023 жылғы 6 қазанда жұмадағы «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені арқылы көшелерді бақылау негізінде алынған деректер.

Алматыға жұмыс күндері келетін жеке көліктің санын бүкіл елдің автопаркімен салыстыруға болады. Латвияда халық саны 1,891 миллион адам. Бұл ретте, елде 730 мыңға жуық автокөлік тіркелген. Былайша айтқанда, облыстан Алматыға үнемі бүкіл Латвия «кіреді». Жергілікті деңгейде есептесек, бұл Батыс Қазақстан облысының 5 (134 172 көлік) немесе Астананың 2 автопаркі (326 мыңнан астам көлік тіркелген) деген сөз.

Сырттан кіретін көліктермен қоса, Алматыда 617 мыңға жуық автомобиль тіркелген. Бұған облыстан келетін 400 мыңнан астам көлікті қосқанда, мегаполис көшелерінде 1 млн 100 мыңнан астам машина жүреді. Ақпаратты толығырақ Алматы әкімдігінің телеграм арнасынан оқи аласыздар.

Оқи отырыңыз: Алматыда 3 жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады

Новости партнеров