|
25.12.2021 | 14:41
3873

Алматы облысында республикалық маңызы бар жол жабылды

Мамандар бұл бағытқа жолға шықпауды ескертеді

Алматы облысында республикалық маңызы бар жол жабылды egemen.kz

Алматы облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы-Қорғас тас жолы жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы-Қорғас тасжолы қалың тұманға байланысты жабылды. Мамандар бұл бағытқа жолға шықпауды ескертеді.

«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Алматы облыстық филиалы мен «Қазақавтожол» ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, 2021 жылғы 25 желтоқсан сағат 12:00-ден бастап күн райының нашарлауына яғни, қалың тұман түсіп, жолдың көрінбеуіне байланысты «Алматы-Қорғас» республикалық маңызы бар автожолы жабылды. Нақты аталған бағыттың 24-140 шақырымында қозғалыс тоқтатылады. Бұл Арман кенті мен Шелек ауылының маңы. Бұл бағытта автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды», – делінген Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Ведомствоның мамандары Алматы облысының осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды ескертеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

жол
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир