|
10.02.2022 | 14:52
642

Министрлік ақылы жолдардан қанша қаражат түскенін жариялады

Өткен жылдың 23-қарашасынан бастап тағы 7 ақылы учаске жұмыс істей бастады

Министрлік ақылы жолдардан қанша қаражат түскенін жариялады Sputnik / Медина Куракова

Өткен жылы елде ақылы автомобиль жолдарынан түскен қаражат көлемі 8,1 млрд теңгені құрады, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 682 шақырым болатын төрт ақылы жол: "Нұр-Сұлтан - Теміртау", "Нұр-Сұлтан - Щучинск", "Алматы - Қапшағай" және "Алматы - Қорғас" республикалық жол учаскелерінен 6,9 млрд теңге түсті.

Сонымен қатар елімізде өткен жылдың 23-қарашасынан бастап тағы 7 ақылы учаске жұмыс істей бастады.

Олар: "Тараз – Қайнар", "Шымкент – Қызылорда", "Шымкент – Тараз", "Шымкент – Өзбекстан шеккарасы", "Талдықорған – Қапшағай", "Көкшетау – Щучинск", "Нұр-Сұлтан – Павлодар" автожолдары.

Бұл учаскелерде бір айдан сәл астам уақыт ішінде 1,2 млрд теңгені түсті.

Министрлік мәліметінше, жиналған қаражат ақылы жолдарды күтіп ұстауға және бағдарламалық-аппараттық кешенін қолдауға бағытталды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир