Қызмет түрі тальго пойыздарында және жаңа вагондарда ғана қолжетімді
Еліміздегі пойыздарда интернет қызметі қолжетімді бола бастады. Бұл туралы Көлік министрлігінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv
Көлік министрлігінің өкілінің айтуынша, жобаның мақсаты – жолаушыларға қолайлы жағдай жасау. Олар электронды құрылғы арқылы пойызда көркем не деректі фильмдерді тамашалауға мүмкіндік туды. Қазір мультимедиялық қызмет түрі тальго пойыздарында және жаңа вагондарда ғана қолжетімді. Жолаушылар Wi-Fi-ды ұялы байланысы жоқ аймақтарда да пайдалана алады. Қызмет түрін пайдалану тегін.
Оқи отырыңыз: Ұлттық жасанды интеллект платформасы іске қосылады