Яндекс.Такси Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін сотқа берді
Almaty.tv
Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Яндекс.Такси Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін сотқа берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазақстанда жолаушы тасымалы саласында аса танымал компания агенттіктің тергеу жүргізу жөніндегі әрекеті мен бұйрығына қарсылық білдіру үшін сотқа шағымданыпты. Нәтижесінде сот 2022 жылға тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жасалмағанын ескеріп, 2022 жылғы тексерілетін кезең бөлігінде дауланған бұйрықты заңсыз деп танып, әкімшілік талапты ішінара қанағаттандырды. Алайда соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейін, биыл 20 қыркүйек күні Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Яндекс.Такси көлік компаниясын тексеріп жатқанын хабарлаған болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
18.10.2026 11:00