Алматының автопаркі 100 жаңа автобуспен толықты. Мемлекеттік нөмір алып, құжаттары рәсімделген соң олар қала көшелеріне шығарылады. Бұдан бөлек, тағы 500 автобус сатып алу жоспарланған. Бұл туралы қалалық мобилділік басқармасының мамандары айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқу жылы басталғанға дейін оқушылар үшін тағы 100 мектеп автобусы іске қосылады.
Айта кетейік, қазір мегаполис аумағында 2 мыңнан астам қоғамдық көлік 164 бағытта қатынайды.
– Бүгінде 18 метрлік және 10 метрлік автобустар Алматы қаласына келді. Автопаркте құжат жасалынып жатыр, тіркеледі. Бұл келген автобустармен №37, 38 бағыттағы, сондай-ақ №24 және №125 бағыттағы автобустарды жаңартамыз, – деді мобилділік басқармасы бөлімінің басшысы Азамат Ешанқұл.
Оқи отырыңыз: Алматыдағы Әл-Фараби мен Абай даңғылын жөндеу жұмысы қашан аяқталады