|
11.04.2022 | 15:13
634

Air Astana Атырау-Ыстамбұл әуе қатынасын қайта іске қосады

Рейстер Airbus A320neo әуе кемесімен аптасына екі күн – сейсенбі мен жұмада жүзеге асырылады

Air Astana Атырау-Ыстамбұл әуе қатынасын қайта іске қосады официальный сайт авиакомпании Air Astana

Қазақстандық Air Astana әуе компаниясы Атырау – Ыстамбұл бағыты бойынша әуе қатынасын 26 сәуірден бастап қайта іске қосады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Рейстер Airbus A320neo әуе кемесімен аптасына екі күн – сейсенбі мен жұмада жүзеге асырылады.

Атыраудан ұшу уақыты 08.10-да, Ыстамбұлға қону уақыты - 10.20-да.

Ыстамбұлдан ұшу уақыты 11.20-да, Атырауға қону уақыты 17.05-те.

Бағыттарда ұшу және қонудың жергілікті уақыты көрсетілген.

Билеттің эконом-кластағы ең төменгі бағасы - 165 177 мың теңге. Бизнес-кластағы баға - 580 389. Бұл бару және қайту бағасының құны екенін атап өткен жөн.

Дереккөз: Sputnik.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир