Алматы-Өскемен: көліктік бақылау инспекциясы тексеру жұмысын жүргізді

Almaty.tv
Almaty.tv
Биыл ереже бұзушылықтың 279 дерегі анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматы-Өскемен күре жолы бойындағы экологиялық бекетте көліктік бақылау инспекциясы тексеру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әр тоқсан сайын бірнеше мәрте өтетін «Жолдағы қабылдау» іс-шарасының аясында мамандар тауар тиеген жүк көліктерін тоқтатып, бекітілген ережені сақтамаған жүргізушілерге айыппұл салынды. Рейдке көлік инспекторларынан бөлек, құзырлы орган өкілдері де қатысты. Олар іс-шара аясында тауар тасымалын кәсіп еткен жүргізушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Айта кетсек, жыл басынан бері ереже бұзушылықтың 279 дерегі анықталып, жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асатын айыппұл салынған.

«2-3 рейс тасудың орнына 1 рейспен 50 тоннаға дейін, 43-45 тоннаға дейін тиеп алатын жағдай кездеседі. Бұл жерде атап өтетін жағдай, 3 осьті автокөліктерге салмақтық параметр 25 тоннадан аспау керек. Бұл талап жалпы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық регламент талаптарымен бірге үйлестірілген», – деді Көліктік бақылау инспекциясының жетекші маманы Ерлан Жүсіпов.

Новости партнеров