Алматыдан Алакөлге дейін: қосымша пойыз 15 маусымнан бастап қатынайды
el.kz
Қазақстандықтар бұған дейін Алакөлге баратын билеттің аз екенін айтып шағымданған болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыдан Алакөл демалыс аймағына жүретін пойыздар саны артты. Қазір бар үш рейске тағы бір пойыз қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik.kz-ге сілтеме жасап.
Алматы-2 – Достық бағытындағы №221/222 пойызы аптасына екі рет қатынайды:
- Алматы-2 стансасынан 2021 жылдың 15 маусымынан 28 тамызға дейін сейсенбі және сенбі күндері жөнелтіледі;
- Достық стансасынан 2021 жылдың 16 маусымынан 29 тамызға дейін сәрсенбі және жексенбі күндері келу/кету рейсі бар;
- Алматы-2 стансасына 2021 жылдың 17 маусымынан 30 тамызға дейін бейсенбі және дүйсенбі күндері келеді.
Осындай шешімге тасымалдаушы компания жолаушылар тарапынан сұраныстың артуына байланысты келді.
Алматыдан Алакөлге пойызбен тағы қалай жетуге болады:
- №255/256 Алматы – Достық пойызы 18 маусымнан сәрсенбі, жұма, жексенбі күндері жүреді;
- №453/454 пойызы Алматы-2 – Достық бағыты бойынша 18 маусымынан дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері қатынайды;
- Алматы-1 – Достық бағыты бойынша №21/6942/6941/22 пойыз тікелей қатынайды.
Тасымалдаушы компания жолаушылардан билетті ресми сайт арқылы алуды немесе "ҚТЖ билеттері" мобильді қосымшасы алуға кеңес береді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
07.09.2026 16:45
Дәрігерлер шайды қашан ішу керек екенін айтты
06.09.2026 12:42
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
07.09.2026 18:10
Қанттың зияны тағам түріне байланысты ма: диетологтар ескертуі
06.09.2026 15:23
Ауырмаудың жолын іздеңіз: иммунитетті қалай күшейтуге болады
06.09.2026 17:32