Жол үстіндегі бетон: күре жолға кедергі қойған кімдер

inbusiness.kz
inbusiness.kz
Құзырлы орган өкілдері оқиғаға қатысты тексеріс басталғанын айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Жолдың қақ ортасына бетон қойылған». Еңбекшіқазақ ауданы ҮАК маңында жол апатына ұшыраған азамат арнамызға осылай деп сұхбат берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Шешімін таппай шарқ ұрған көлік жүргізушісі бір ажалдан аман қалған. Оның айтуынша, көлігі күре жолдағы көлденең кедергіге соғылып, тамтығы қалмаған. Сағатына 90 шақырым жылдамдықпен келіп, тежегішті басқанның өзінде 24 метрге дейін сырғып барып тоқтаған.

– Көлік тежегішін бастым, бірақ тайғанап барып ұрылдым. Екі жағы жар, басқа жаққа бұрылатындай да жол емес, қашсам жарға түсемін бе деп қорықтым. Қасымда екі қарындасым болды, аяғы, басы, іш-құрылысы жарақат алған. Кеше ауруханадан шықты., – деді көлік жүргізушісі Ернат Рысбаев.

Жергілікті жұрт желіге жүктеген жазбасында сол жерде күндіз-түні жол апаты болатынын айтқан. Олардың пайымынша, бұл – үлкен жүк көліктерінің жүруіне қарсы әрекет болуы мүмкін.

Ал құзырлы орган өкілдері оқиғаға қатысты тексеріс басталғанын айтты. Тәртіп сақшылары тасжол қасақана жабылған болса, кінәлі жан жауапқа тартылатынын айтты.

– Әкімшілік полиция қызметкерлері тексеріс жүргізеді. Жолдың бойында қанша белгі қойылған, олардың дұрыс-бұрыстығы анықталады. Мердігердің айтуынша, кейбір жерде жол белгілері ұрланған, – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басқарма басшысының орынбасары Дарын Әбіқұлов.

Мердігер мекеме жолдың ұзындығы 80 шақырым екенін айтады. Ал зардап шегушілер келтірілген шығынды өтеп беруін талап етіп отыр.

Әлібек Шынтемір, Арсен Сандыбаев, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Алматының қай көшесінде жөндеу жұмыстары басталды

Новости партнеров