Көлік санының көптігі ауаның ластануына себеп болып отыр – экологтар

Almaty.tv
Almaty.tv
Темір тұлпарды тексеру кезінде күніне 60 жүргізушіге айыппұл тағылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының ауасы шектен тыс ластанып барады. Осылай дабыл қаққан мамандардың айтуынша, оның себебі – көлік санының көптігі. Темір тұлпарды тексеру кезінде күніне  60 жүргізушіге айыппұл тағылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көліктің көбеюі ауаның ластануына елеулі әсерін тигізіп жатыр. Қала көшелерінде  автомобильдің көбі  бензинмен жүреді. Ал дизельді қозғалтқыштар улы газды анағұрлым көп бөледі. Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының өкілдерінің айтуынша, жылы жаңа болса да, нормасы қалыптан шыққан темір тұлпар аз емес. Бұл ретте көлік иелерінің де салғырттық танытып, уақытылы жөндеу жүргізбейтінін сынға алды.

«Түтіндеп жатқан көліктерін жүргізушілер уақытылы жөндеу жұмысын жүргізбейді. Техникалық байқаудан өткізбейді. Жалпы статистикаға жүгінсек, қала аумағында ауаны 50 пайыз көліктер ластайды. Қалған елу пайызы ол стационар мекемелерден, яғни ол - ТЭЦ, зауыттар», – деді Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының прокуроры Аңсат Омаров.

«Тексерген, әр бекетте тексереді ғой.  ешқандай несі жоқ. Сол экология», – деді көлік жүргізушісі Ғалымжан Салаев.

«Департамент полициямен бірлесіп «Таза ауа» атты рейдттік іс-шараны өткізіп отырмыз. Экологияға зиянды қалдықтарды қалдыртын көліктерді тоқтатып, дизельдерді, солармен түсіндірме жүргізіп, фактілер анықталса айыппұл салдық», – деді Экология департаментінің маманы Әділ Нұрпейісов.

«Ауаның ластануын алдын алу үшін рейд жұмысын жиілету» керек деген экологтар алдағы уақытта зауыт пен фабрикаларды тексереді.

Әлібек Шынтемір, Рашиддин Якупов, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров