Жол жүруден бас тартқан жолаушыларға жол жүру құнын толық қайтару жүргізіледі
Тальго жолаушылар пойызының Алматы-2 – Петропавл бағытында жүруі бір аптаға тоқтатылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық тасымалдаушы «Алматы-2 – Петропавл қатынасындағы №105 Тальго жолаушылар пойызының жүрісін келесідей даталар бойынша тоқтатады:
Сол сияқты «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Астана – Шымкент» қатынасындағы Тальго вагондарымен жасақталған №86/85 жолаушылар пойызының жүруін 1 рейске тоқтатады. Тоқтатылатын рейстер:
2022 жылғы 8 желтоқсанда Астанадан,
Шымкенттен осы жылдың 9 желтоқсаны.
«Тоқтатылған пойыздың орнына стандартты вагондардан тұратын №511/512 бір реттік пойызы тағайындалады.
Жол жүруден бас тартқан жолаушыларға жол жүру құнын толық қайтару жүргізіледі. Стандартты вагондардан тұратын пойызда сапарлаған жолаушыларға жол жүру құнының айырмасы төленетін болады. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды», - делінген хабарламада.