Ақылы жолда айласын асырмақ болған: биыл 309 жүргізушіге хаттама толтырған

открытые источники
открытые источники
11 темір тұлпар иесінің көлігі айыппұл тұрағына жеткізілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақылы жолдағы айла. Жыл басынан бері полицейлер ақылы бекеттен мемлекеттік нөмірін жасырып өтпек болған 309 жүргізушіге қатысты хаттама толтырған. 11 темір тұлпар иесінің көлігі айыппұл тұрағына жеткізілген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тіпті, заң бұзғандар бір жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін. Тәртіп сақшылары Нұр-Сұлтан- Щучье, Нұр-Сұлтан-Теміртау, Алматы-Қорғас ақылы жолдарда тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Айта кетейін, мамандар ақылы бекет ақысын аз төлеймін деп қитұрқы әрекетке барып, айыппұл арқалап қалудан аулақ болуды ескертеді.

«Жалған нөмір салып жүрген тұтынушыларға әкімшілік құқықтық хаттама толтырылады. Бұл біріншіден жүргізуші бойынша толтырылады. Екіншіден сол салған бойынша толтырылады. Үшіншісі бұл сотқа жіберіледі. Сот өз шешімін қабылдайды», – деді Алматы-Қапшағай ақылы бекетінің басшысы Берік БЕКМАҒАМБЕТОВ.

Новости партнеров