Алматыда Үлкен Алматы айналма жолына екі көше жалғанатын болады
Рысқұлов даңғылы мен Сейфуллин көшелеріндегі жолайрықтар жыл соңына дейін қолданысқа беріледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәлімдеуінше, қазір шаһарда үш ірі көпір салынып жатыр. Ол Рысқұлов пен Құлжа тасжолының қиылысында, Рысқұлов пен Емцов және Сейфуллин, Жансүгіров, Рысқұлов даңғылдары арқылы өтетін жолайрықтар жоспар бойынша желтоқсан айында қолданысқа беріледі. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң көліктердің өту жылдамдығы 15 пайызға артады деп болжанған.
Қаладағы ірі үш жолайрықтың құрылыс жұмыстарына барлығы 34,2 миллиард теңге бөлінген.
Айта кетейік, соңғы екі жылда Алматыда Бөкейханов пен Солтүстік айналма жолы, Назарбаев пен Жансүгіров даңғылдарын жалғайтын жолайрықтар пайдалануға берілді.
«Құрылыс жұмыстары аяқталғанда кіші көлік айналма жолы пайда болады. Бұл жолайрықтардың арқасында көліктерді өткізу ағыны 15 пайызға артатын болады», – деді басқарма басшысы Сағындық Телібаев.