Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы жабыла ма

aikyn.kz
aikyn.kz
Индустрия министрлігі қор бөлген қаражатты қоғамдық көлікті жаңартуға жұмсамақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы беріліп келген жеңілдетілген автонесие тоқтатылады. Енді қазақстандықтар алғашқы жарнасыз 4 пайызбен көлік сатып ала алмайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Индустрия министрлігі қор бөлген қаражатты қоғамдық көлікті жаңартуға жұмсамақ. Ведомствоның вице-министрі Ілияс Оспановтың айтуынша, елде 10 мың 525 автобус болса, оның басым көпшілігі тозған. Сондықтан осы бағытқа жеңілдетілген несие беру шешімі қабылданған.  

«Ұзындығы 185 метрлік автобустың бағасы – 280-290 миллион теңге. Оның көлемі берілетін өңірдің адам санына байланысты болады», – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов.

Жеңілдетілген автонесие былтыр мамырда берілген. Екінші толқыны биыл ақпанда online қабылданды. 18 секундта 761 адам ғана тіркеліп, платформа қоғамның сынына ұшыраған. 

«Ешқандай шектеу болмағандықтан сұраныс жоғары болды. Жағдайдың қандай болатынын біз алдын ала білген жоқпыз. Бір сөзбен айтқанда, несиеге сұраныс артып бәріне қолжетімді болып кетті», – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов.

Айта кетейік, өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы жеңілдетілген автонесие тоқтағанымен, отандастарымыз Қазақстан даму банкі арқылы берілетін 4 пайыздық несие рәсімдей алады. Көлік құнының 20 пайызын алғашқы жарна ретінде құйып, автокредит алуға болады. Бұл бағдарлама 2015  жылдан бері жұмыс істейді.  

Новости партнеров