«12 жолаушы болған»: Алакөлге бара жатқан автобус отқа оранды
ДЧС ВКО
Қызыл жалын көліктің қозғалтқыш бөлігінен тұтанып, автобус ішіне жайылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бүгін таңертең Семейден Алакөлге 12 адамды апара жатқан автобустан өрт шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жолаушылар мінген «Lifan» маркалы автобус «Таскескен-Бақты» тасжолында отқа оранған.
Қызыл жалын көліктің қозғалтқыш бөлігінен тұтанып, кейін дөңгелектері мен автобус ішіне жайылған.
«Автобус ішінде 12 жолаушы болған. Ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Олар жолай өзге көліктерге отырып, діттеген жерлеріне жетті. Өрт болған жерде Үржар ауданындағы №17 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп, таңғы сағат 6.30-да тілсіз жауды ауыздықтады. Өртке көлік иесінің абайсыздығы себеп болуы мүмкін», - делінген департамент таратқан ақпаратта.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30