|
08.04.2023 | 16:00
771

Қазақстан мен Малайзия логистика және көлік саласындағы ынтымақтастықты дамытады

Бұл туралы Қазақстан Елшісі Болат Сүгірбаев Малайзияның Көлік министрі Энтони Локимен кездесуінде белгілі болды

Қазақстан мен Малайзия логистика және көлік саласындағы ынтымақтастықты дамытады baq.kz

Еліміз Малайзиямен логистика және көлік саласындағы ынтымақтасты дамытуға мүдделі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Қазақстан Елшісі Болат Сүгірбаев Малайзияның Көлік министрі Энтони Локимен кездесуінде белгілі болды. Кездесуде халықаралық жеткізілімдер нарығы конъюнктурасының өзгеруі кезеңінде еларалық логистиканы дамыту мәселелері бойынша сындарлы сұхбат өтті.

Елші Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан Қазақстанның геосаяси орналасуына назар аударды, ал Малайзия үшін ол ірі өңірлік логистикалық және көліктік хабқа айналу мүмкін екенін айтты.

Қазақстандық дипломат Алматы және Куала-Лумпур қалалары арасында тікелей әуе қатынасын ашу логистика, инвестициялар, сауда, туризм, білім беру және іскерлік байланыстарды жолға қоюды қоса алғанда, нарықты жандандыруға жағымды әсер ететінін алға тартты.

Энтони Локидің айтуынша, Малайзия өзінің теңіз порттарын мақтан тұтады және Шығыс пен Батыс арасын байланыстыруда шешуші рөл атқарады. Ол Қазақстанның еуразиялық логистикалық және көлік тізбегінде маңызды рөл атқаратынына сенімді және осы бағыттың дамуына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Кездесу соңында Министр Елшіні 2023 жылдың 23-27 мамырында өтетін Лангкави Халықаралық теңіз және аэроғарыш көрмесіне қатысуға шақырды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир