Қытай Қазақстаннан қабылдайтын пойыз санын арттырмақ

inform.kz
inform.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан-Қытай шекарадағы жағдай бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Almaty.tv «Қазақстан темір жолына» сілтеме жасап. 

Оған «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Қытай темір жолы», «Үрімші темір жолы» ЖШҚ және ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қатысты

«Кездесу барысында қытайлық тарап Қытайдан Қазақстанда тоқтап тұрған импорттық контейнерлерді жөнелтуді жеделдету ниетін растады. Жүктердің жартысын 2021 жылдың қазан айының соңына дейін жөнелтуді жоспарланып отыр. Сонымен қатар 22 қазаннан бастап Қытай жүк қабылдауды тәулігіне 6-дан 8 пойызға дейін арттырса, негізінен көрші елге металл кендері, түсті металдар, кокс жөнелтілді», – делінген компания хабарламасында.

Еске салсақ, бүған дейін коронавирус инфекцияның таралуына тосқауыл қою мақсатында ҚХР Үкіметі Достық-Алашанькоу және Алтынкөл-Қорғас шекаралық өткелдерінде алдын алу және бақылау шараларын күшейтті. Және Қазақстан-Қытай шекарасындағы жағдай Үкіметтің тұрақты бақылауында екенінін хабарлаған болатынбыз.

Дереккөзі: inform.kz

Новости партнеров