|
28.05.2019 | 16:29
9642

Қалаларға кіре берістегі полиция бекеттері алынып тасталады

Ішкі бекеттерде жұмыс істеген 300-ге тарта қызметкер басқа құрылымдарға ауыстырылады

Қалаларға кіре берістегі полиция бекеттері алынып тасталады NV.KZ

Жол бойында тұрған полиция бекеттерінің саны қысқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ішкі бекеттер қысқарып, олар тек жалпы ел аумағының периметрі бойынша қалады. Ішкі бекеттерде жұмыс істеген 300-ге тарта қызметкер басқа құрылымдарға ауыстырылады. Ал жол бойында босап қалған бекеттер қатты суықта жылынатын немесе дағдарыстық жағдайлар үшін пайдаланылады. Қалаларға кіре берістегі бекеттер де алынып тасталады. Олар бірақ кезең-кезең бойынша таратылатынын атап өткім келеді», - деді Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди.

Оның айтуына қарағанда, полиция бекеттерінде кезекшіліктегі тәртіп сақшыларының бәрі жұмыссыз қалмайды. Және мұндай қадамдар қалаға тыйым салынған заттардың көбейіп кетуіне мұрындық болмайды.

«Тыйым салынған заттарды бақылауда біздің мүмкіндіктеріміз мол. Осы шаралардың барлығын да 1 шілдеге таяу іске асырмақпыз», - деді ол.

Айта кетсек, бүгін елордада ІІМ мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшылығы, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуде Ішкі істер министрлігінің Жол картасы негізінде қоғамдастық және ведомстволар әзірлеген ішкі істер органдарындағы жемқорлықпен күрестің үшжақты жоспары таныстырылды.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир