Қазақстандықтар 25 мың шетелдік автокөлікті заңдастырды

13.02.2023 21:10

Заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады

elements.envato.com

Қазақстандықтар 25 мың шетелдік автокөлікті заңдастырып үлгерген. Бұл туралы ІІМ брифингінде айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

“Шетелдік көліктерді заңдастырудың басталғанына 20 күн болды. Бүгінгі таңда 61 мың қазақстандыққа көліктерін заңдастыруға рұқсат берілген. 25 мың көлік иесі тиісті құжаттары мен нөмірлерін алды”, - деді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек апта сайынғы өтетін брифингте.

Заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.