|
29.09.2022 | 16:15
2695

Алматы көшелерінің бірінде көлік қозғалысы шектеледі

Іргелес көшелермен көлік қозғалысы өзгеріссіз жүргізіледі

Алматы көшелерінің бірінде көлік қозғалысы шектеледі avdet.org

«Саин көшесі мен Мөңке би көшесінің қиылысындағы көлік жол айрығы құрылысы» нысаны бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Мөңке би көшесінің көлік қозғалысының сұлбасына өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы Қалалық мобильдік басқармасына сілтеме жасап.

Мөңке би көшесінің көлік қозғалысының сұлбасына келесідей өзгерістер енгізіледі:

1. 2022 жылғы 1 қазан сағат 22-00-ден 2023 жылғы 1 маусымға дейін Мөңке би көшесінің бойымен айналма жолдан Мәмбетов көшесіне дейін көлік қозғалысы тоқтатылады.

2. Көлік қозғалысы солтүстік және шығыс бағыттарда Ақын Сара және Момышұлы көшелері, айналма жол арқылы жүзеге асырылады.

3. Іргелес көшелермен көлік қозғалысы өзгеріссіз жүргізіледі.

"Аталған жұмыстар жол-құрылыс жұмыстары аясында жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир