Розыбакиев көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Розыбакиев көшесінің әл-Фараби даңғылынан Есқараев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Шектеу уақыты:
- 19 шілде сағ.22:00 мен 20 шілде сағ.06:00;
- 21 шілде сағ.22:00 мен 21 шілде сағ.06:00.
Жол жөндеу жұмыстары 2022 жылға арналған жоспар аясында жүзеге асырылылып жатыр.
"Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз," - делінген хабарламада.
Дереккөз: Алматы қалалық мобилділік басқармасы