Алматыда жаңа автобус маршруты іске қосылады
elements.envato.com
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда жаңа автобус маршруты іске қосылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қалалық мобилділік басқармасына сілтеме жасап.
Қала маңындағы тұрғындардың өтініші бойынша 10 ақпаннан бастап жаңа №230 маршрут іске қосылады.
Ақсай-1 шағынауданы аялдамасынан шығып, Төле би көшесі – Момышұлы көшесі – Райымбек даңғылы – Шымкент/Алматы тасжолы – Абылай хан даңғылы – Қаскелең қаласына дейін барып, әрі қарай айналма жолдан бұрылып, кері бағытта жүреді.
Желіде 10 автобус 13 минуттық жиілікпен қызмет көрсетеді.

Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
25.11.2026 21:40
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
25.11.2026 08:10
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
25.11.2026 10:20
25 қарашада Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
25.11.2026 08:47