Марат Қарабаев: Astana LRT-ге бөлінетін 50 млрд теңге сәуірде әкімдікке аударылады

stan.kz
stan.kz
Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Құрылысы талайдан бері жыр болған Astana LRT жобасына бөлінетін қаражаттың бір бөлігі вагон сатып алуға жұмсалады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, Astana LRT құрылысы аяқсыз қалмайды. Оған қажетті қаражат та қарастырылған. Жоспар бойынша министрлік жоба операторы ретінде 50 млрд теңге бөлмек. Ведомство басшысының айтуынша, сәуір айында қаражат әкімдікке аударуды жоспарлап отыр.

«Биыл LRT құрылысы 50 млрд теңге қарастырылып отыр. Бүгін таңертен комиссия отырысы болды. Сол жақта біз тиісті қаржы қарастырдық. Қаржыны біз сәуір айына әкімдікке береміз деп жоспарлаймыз», – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев.

Новости партнеров