Парижде ұшатын такси таныстырылды
Ол электр қуатымен жүреді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Парижде елу төртінші рет өтіп жатқан Халықаралық әуе көрмесінің аясында ұшатын такси таныстырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Электр қуатымен жүретін инновациялық көлікті неміс компаниясы жасап шыққан. Ол сағатына 110 шақырымды еңсеріп, диаметрі 15 метрлік жерге қона алады.
Өндірушілер ұшатын такси қызметін келер жылы Парижде өтетін Олимпиада кезінде пайдалану жоспарланып отырғанын айтты.
Айта кетейік, Жазғы спорт ойындары Франция астанасында 2024 жылдың 26 шілдесінен 11 тамызға дейін өтеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
06.11.2026 08:10
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
06.11.2026 10:34