|
10.01.2023 | 17:40
620

Астанада13 әуе рейсі кейінге шегерілді

Әуежайда ұшу-қону жолағында да қар тазалау жұмысы үздіксіз жүргізіліп жатыр

Астанада13 әуе рейсі кейінге шегерілді

Қолайсыз күн райы кешелі бері жолаушыларға да кесірін тигізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Астанада билет алып, сапарға шығуды жоспарлаған мыңдаған халықтың рейсі кейінге шегірілді. Бүгіннің өзінде 13 бағыт уақытша тоқтатылған.

«Әуежайда, оның ішінде ұшу-қону жолағында да қар тазалау жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Жолаушылардан өзекті ақпаратты call орталықтардан білуді сұраймыз. 0:36 басталады», – деді  Астана халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов.

Енді әуекомпаниялары кестесі кешіктірілген немесе ауысқан рейстерді жолаушыларға хабарлауға міндетті. Олар азаматтардың мобильді нөмірі мен электронды поштасына жоспарланған сапар туралы ақпаратты уақытылы беруі шарт. Ал ұшу уақыты кешіктірілген жағдайда жолаушыны межелі жерге жеткізбегені үшін әр сағатына тариф құнының 3% мөлшерінде тасымалдаушы компания айыппұл төлеуі мүмкін. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Ведомство ақпарынша, азаматтық авиация саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізіледі. Оған сәйкес, қаржылық қиындықтарға тап болған әуежайларға қолдау көрсетілмек.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир