Қонаев пен Байтұрсынов көшелеріндегі веложолақтар алынып тасталды

Қонаев пен Байтұрсынов көшелеріндегі веложолақтар алынып тасталды
Өйткені, сол көшелердің бойында орналасқан сауда орталықтарына келушілер күрт азайған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгіннен бастап Алматыдағы Қонаев пен Байтұрсынов көшелерінің қос жағынан жүргізілген веложолақтың біреуі алынып тасталды. Оған тұрғындар мен іскерлердің өтініші себеп болса керек, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Өйткені, сол көшелердің бойында орналасқан сауда орталықтарына келушілер сөмкелерімен артынып-тартынып жүру ыңғайсыз екенінін алға тартады. Сәйкесінше, бұрынғыдай қызған сауда жоқ. Бизнес өкілдері банкрот болуға аз қалдық дегенді алға тартты.

Тұп-тура жарты ғасыр бұрын ашылған дүкеннің саудасы күн сайын құлдырап барады. Кіріс жоқ, ал шығын шаш етектен. Оған дәл сауда орнының алдында автотұрақтың болмауы себеп дейді кәсіп иесі. Екі жыл бұрын жүргізілген веложолақтың салдарынан маңайымызға темір тұлпар тоқтамайды дейді. Бұрындары аптасына кем дегенде 13 мың адам дүкенге келіп сауда жасаса, қазір бұл көрсеткіш 6000-ға әрең жетеді. Ісі тұралап қалған кәсіпкерлердің тең жартысы жабылып та қалған.  

«2016 жылы бізде дүкенннің ішінде 93 сауда нүктесі болды. Веложолақ салынып, сауда түсіп кеткен соң, олардың саны 78 болды. Қазіргі таңда жалға алушылардың саны небәрі 43 қалды. Олардың ішінде келісім шартты тоқтатуға өтініш жазып қойғандар бар. Клиенттердің келмеуіне бірден-бір себеп: авто тұрақтың болмауы. Ешкім уақытын қиып, екі-үш аялдамаға көлігін қойғысы келмейді», – дейді сауда орнының директоры Юрий КОВТУН.  

Осылайша 2 жыл бойы әупірімдеп жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкерлер әрі қарай не істейтіндіктерін білмейді. Ал жалға алу ақысын азырақ төлеу үшін олар осы жалдап отырған шаршы метрінің көлемін азайтқан. Ал банкрот болуға шақ тұрған дәл осы «Восход» дүкеніндегі бірнеше бутиктердің жабылып қалғанына біз де куә болдық.  Сондай-ақ, жарты сағаттың ішінде екі-ақ адам сауда жасауға келді.  

«Жалға алу ақысын төлей алмайтын кезіміз де болады біздің. Одан бөлек салық, сатушыға айлық төлейміз. Осының бәрін шығару бізге оңай емес. Не автобус жоқ, не аялдама жоқ. Көлік келіп тоқтайын десе, тоқтай алмайды», – деді сатушы Ләйлә ДОСЖАН.

Автотұрақтың жоқтығы Қонаев көшесіндегі бас-аяғы 392 бизнес орталығының саудасын қыздыруға кедергі келтірген. Мына азық-түлік супермаркетінің де директоры кері әсер еткенін бізде байқамай өте алмадық дейді. Өйткені, сауда көрсеткіші бір дегеннен екі есе түсіп кеткен.  

«Сауда құлады. 30-40 пайызға құлады. Бірақ естуімізше бұл жерде бұрын басқа дүкен болған. Сауда жақсы болған. Автотұрақтың әсері болды деп ойлаймын. «Сіздердің автотұрақтарыңыз жоқ болғандықтан, келмейміз» деген де пікір есіп жатамыз», – деді сауда орнының директоры Бекзат ӘДІЛБЕКОВ.

Сауда жасаған тұрғындар сөмкелерімен артынып-тартынып жүрудің ыңғайсыз екенін алға тартуда. Бұқараның басым бөлігі автотұрақ қажет десе, кейбіреуі жұрттың жалқауланбай, жаяу жүруі қажет деп те пікір білдіріп жаттты.  

«Қиын, әсіресе балалармен келсем, тұрақтайтын жер жоқ. Шарбақтың арғы жағына тұруға тура келеді», – деді бір келуші.

Байтұрсынов көшесіндегі жағдай да тура осындай. Онда 255 бизнес орталығындағы сауда жөнді жүрмейді. Сәйкесінше, салықтық түсім де тым азайып кеткен. Алып шаһардан қазынаға құйылатын қаражаттың 33 пайызы сауда-саттықтан түсетінін ескерсек, жұртшылық пен іскерлікті жандандыру қажет-ақ болса керек. Енді, болжам бойынша, қос көшедегі автотұрақтың қайта пайда болуы 450-дей жаңа жұмыс орнын ашуға септігін тигізбек.  

Әйгерім Ердәулетқызы, Валерий таубалдиев «Алматы» телеарнасы.

Новости партнеров