|
14.08.2023 | 17:58
2447

Абай даңғылын орташа жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды

Қазіргі таңда даңғыл бойынша жол таңбаларын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Абай даңғылын орташа жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды пресс-служба акимата

2023 жылы орташа жөндеу жұмыстары аясында ұзындығы 6,5 км құрайтын Абай даңғылының Тілендиев көшесінен Достық даңғылына дейінгі бөлігінде  орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған болатын, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алдыңғы орташа жөндеу жұмыстары бұл бөлікте 2012 жылы жүргізілген. Жөндеуаралық мерзімнің өтуіне байланысты тексеру жүргізіліп, оның барысында асфальтбетон жабынында шұңқырлар, жарықтар торы, ұсақталу түріндегі ақаулар анықталды және жолдың қазіргі жағдайы туралы техникалық қорытынды жасалды. Техникалық қорытынды негізінде Абай даңғылын орташа жөндеу жоспарына енгізу туралы шешім қабылданды.

Осылайша, шілдеде орташа жөндеу жұмыстары басталып, оны 31 тамызға дейін аяқтау жоспарланған болатын. Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жұмыстар түнде жүргізілді. Жөндеу жұмыстары барысын жылдамдату мақсатында даңғыл бойынша екі мердігер ұйым қатар жұмыс жасап, көлік жүретін бөлікті 12 тамызда аяқтауға мүмкіндік туындады. Тротуарларды жөндеу жұмыстары 31 тамызға дейін аяқталатын болады.

Қазіргі таңда даңғыл бойынша жол таңбаларын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, биылғы жол жөндеу маусымында қалада алғаш рет полимерлі асфальтбетон жабыны қолданылуда. Жол құрылысында полимер қоспасын пайдалану жабын сапасы мен төзімділігін арттырып, битумның жуылып кетуінің алдын алады. Сонымен қатар, полимер жол жабынының пайдалану ұзақтығын арттырып, беріктігі мен аязға төзімділігін қамтамасыз етеді.

Жалпы, қала әкімдігі биыл 200 шақырымнан асатын 230 көшені орташа жөндеумен қамтуды жоспарлап отыр. Қала бойынша 3097 шақырымды құрайтын 2746 көше бар. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін биыл 86%-дан 89%-ға, ал 2025 жылға дейін 95%-ға жеткізу жоспарланған, Аталған мақсатта жыл сайын кемінде 200 км жол жөнделіп отыруы қажет. Осылайша, көрсетілген жұмыс көлемі жол инфрақұрылымын жақсарту жоспарларына сәйкес келеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир