Жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қосымша ақша бөлінбейді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, азаматтардан мұндай өтініш түспеген. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» басқарма төрағасының орынбасары да барлық үміткерге қаражат қарастырылмайтынын жеткізді. 5 күн бұрын қазақстандықтарға 7,6 млрд теңге жинақталғанын, яғни, небәрі 761 орын болатыны алдын ала ескертілген.
«Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша 761 өтінім 18 секунд ішінде тіркелген. Өтінішті қарау кезеңінде шамамен бір уақытта миллионға дейін адам кіруі керек деп есептеген едік. Өйткені, тестілеу кезінде байланыс арнасын кеңейттік, сервер санын кеңейттік. Ал кешегі жағдай платформаның төтеп бергенін көрсетті, яғни сайт істен шықпай 761 адам тіркелді. Осылайша, платформаға қатысты негізгі міндет орындалды», – деді «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Ғаппаров.