Бұған дейін Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай мен Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аязға байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылған еді
Нұр-Сұлтаннан шығатын барлық тасжолда жекелеген көлік түрлерінің жүруіне тыйым салынды, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы Smart Astana телеграм-боты ресми мәлімет таратты.
«2 қаңтар күні сағат 18:00 бастап ауа райының нашарлап, температураның төмендеуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласынан республикалық маңызы бар барлық жол бағыттары бойынша қоғамдық көлік және дизельмен жүретін автокөлік түрлеріне шектеу енгізіледі» – делінген хабарламада.
Бұған дейін Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай мен Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аязға байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылған еді.