Елордада бір айда 250-ге жуық темір тұлпар айып тұраққа қойылған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оған көлік жүргізушілердің жол ережесін ескермеуі себеп болып отыр. Жалпы, жол қозғалысы тәртібін бұзудың 9 142 дерегі анықталыпты. Тағы 70-ке жуық азамат ішімдікке тойып алып рөлге отырған. Қалалық жергілікті полиция қызметі «Қауіпсіз жол» акциясы барысында қарсы жолаққа шыққаны үшін 41 жүргізуші, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өткені үшін 264 адамды жауапқа тартты.
«19 шілде мен 18 тамыз аралығында өткен «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында жол қозғалысы ережелерін бұзған 9 142 дерек анықталды. «Қорғау» қосымшасын пайдалану арқылы 466 жүргізушіге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хабарлама жіберілді», – деді қалалық ЖПҚ басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Нұрлан Қапаров.