|
01.04.2020 | 18:35
1479

«Сергек» камералары арқылы жүргізушілер қалай жазаға тартылады

«Бірінші рет ескерту беріледі. Ал екінші рет Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешіміне сәйкес, 10 АЕК-тен 15 тәулікке дейін жаза қарастырылған

«Сергек» камералары арқылы жүргізушілер қалай жазаға тартылады qaz.neonomad.kz

«Сергек» камералары жол ережесін бұзушылармен қатар карантин кезінде төтенше жағдай режимін сақтамағандарды да қадағалап отырады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тексеру жүргізушіге қатысты жүргізіледі. Көлікті тоқтатқан кезде полиция қызметкерлері «Сергек-патурль» базасына жүргізуші мен көліктің мәліметтерін, атап айтқанда ЖСН, көліктің мемлекеттік нөмірін және жүргізушінің айтуынша оның тұрғылықты және жұмыс орнының мекенжайын тіркейді», - деп атап өтеді ведомстводан. Ал дәл сол жүргізушіні келесі жолы тоқтатып, тексеру барысында ақпараттық базада тіркелген мәліметтер сай келмесе, онда ол жазаға тартылады. Бұл ретте егер жүргізуші азық-түлік немесе дәрі-дәрмек алуға барған болса, онда ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 476-бабымен (Төтенше жағдай режимін бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

«Бірінші рет ескерту беріледі. Ал екінші рет Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешіміне сәйкес, 10 АЕК-тен 15 тәулікке дейін жаза қарастырылған. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті төтенше жағдай режимін бұзбауды және оны сақтауды ескертеді»,- деп атап өтеді департаменттен.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир