Қазақстанда қымбат көлік иелеріне қосымша салық салынады

12.06.2023 23:38

Бұл туралы Сенатта өткен дөңгелек үстелде Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин айтты

ашық дереккөзден

Қазақстанда қымбат көлік иелеріне қосымша салық салынбақ. Бұл туралы Сенатта өткен дөңгелек үстелде Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Салық саясаты және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел барысында Әмрин сән-салтанат тауарларына салынатын салықты арттыру жоспары туралы айтты.

"Көлік құралдары бойынша. Мұнда да шамамен 50 миллион теңге шегін қоюды көздеп отырмыз. Егер көлікің нарықтағы құны осы шектен асып кетсе, онда акциздер арқылы қосымша салық салынады", - деді шенеунік.