Навои көшесінде уақытша көлік қозғалысы шектеледі

09.08.2022 23:42

Жөндеу жұмыстары жүргізіледі

2gis

Навои көшесінде уақытша көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 10 тамыз сағ. 23:00 мен 11 тамыз сағ. 06:00 аралығында Навои көшесінің Торайғыров көшесінен Тоқтабаев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша толық шектелетін болады.

Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған болатын. 

"Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Дереккөз: Алматы қалалық мобилділік басқармасы