Сарапшылар темір тұлпар жай жүргеннен ауа ластанады дейді
Шығыс айналма жолы, әл-Фараби даңғылы мен Сайын көшесіндегі жылдамдықты өзгерту керек. Көлік тізгіншілерінің көбі осындай пікірде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Айтуларынша діттеген жерге ұзақ жетеміз оның үстіне кептелісте көп кідіреміз дейді.
«Демалыс күндері көлік аз, бірақ 60 жылдамдықпен жүресің. Жалғыз мен ғана емес, елдің бәрі солай дейді. Өте ыңғайсыз», – дейді бір тұрғын.
«Негізінде жылдамдықтың 80 болғаны дұрыс қой. Жететін жеріңе тез барасың», – дейді келесі тұрғын.
Көлік саласының сарапшылары да жүргізушілермен келісіп отыр. Темір тұлпар жай жүргеннен керісінше ауа ластанады дегенді алға тартады олар.
«Әл-фараби даңғылы мен Сайын көшесінде ұзақ жүретін болсақ, көліктен шығатын зиянды заттар да көп болады. Бұл, бір. Екінші мәселе жүк тасушы көліктердің уақыты ақша тұрады. Егер 5-7 минут ұзақ жүрсеңіз, ол экономикаға әсерін тигізеді. Сондықтан жылдамдықты шектеу мәселесінде ойланған дұрыс», – деді Тәуелсіз автомобиль одағының төрағасы Эдуард ЭДОКОВ.