|
30.06.2023 | 19:01
2329

Алматыда қай көшеде көлік қозғалысы шектеледі

Троллейбус маршруттарының сызбасына уақытша өзгеріс енгізіледі

Алматыда қай көшеде көлік қозғалысы шектеледі gov.kz

1 шілде сағат 00:00 мен 06:00 аралығында түнгі уақытта қозғалысты шектемей Абай даңғылы автобус жолағын жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Ал 1 және 3 шілде аралығында сағат 23:00 мен 06:00 аралығында Абай даңғылының Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейінгі бөлігінің солтүстік бетінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы шектелетін болады. 2 және 3 шілде күндері аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен тоқтатылады.

Көлік қозғалысының шектелуіне байланысты троллейбус маршруттарының сызбасына уақытша өзгеріс енгізіледі:

- №25 маршрут – Абай даңғылының шығыс - Желтоқсан даңғылының солтүстік - Гоголь көшесінің шығыс – Орталық саябақ - Гоголь көшесінің батыс - Наурызбай батыр даңғылының оңтүстік – Абай даңғылының батыс жағы, одан әрі маршрут бойынша;

- №11 және №19 маршруттары Абай даңғылының шығыс - Желтоқсан көшесінің  солтүстік - Гоголь көшесінің шығыс – Орталық саябақ – Гоголь көшесінің батыс – Қалдаяқов көшесінің солтүстік - Жібек жолы көшесінің батыс - Пушкин көшесінің оңтүстік - Гоголь көшесінің батыс - Наурызбай батыр даңғылының оңтүстік - Абай даңғылының батыс жағы, одан әрі маршрут бойынша;

- №9 маршрут – Байтұрсынов көшесінің солтүстік - Абай даңғылының шығыс - Желтоқсан даңғылының солтүстік - Гоголь көшесінің шығыс – Орталық саябақ – Гоголь көшесінің батыс – Қалдаяқов көшесінің солтүстік - Жібек жолы көшесінің батыс - Пушкин көшесінің оңтүстік - Гоголь көшесінің батыс - Наурызбай батыр даңғылының оңтүстік - Қабанбай батыр көшесінің батыс жағы, одан әрі маршрут бойынша жүреді.

Жөндеу жұмыстары 2023 жылға арналған жоспар аясында жүзеге асырылып жатыр.

Алматы қалалық мобилділік басқармасы келтірілген қолайсыздық үшін кешірім өтініп, жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир