|
13.05.2022 | 19:03
6683

Алматыда автобус жолағына шығып кеткен көлік жүргізушілеріне айыппұл салынды

170 мың жүргізуші ереже бұзған

 Алматыда автобус жолағына шығып кеткен көлік жүргізушілеріне айыппұл салынды Almaty.tv

Жыл басынан бері бір Алматының өзінде көлік жүргізушілеріне 1 миллиард теңге айыппұл салынған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Бұл – автобус жолағына шығып кетіп, ереже бұзған 170 мың адамға қолданылған шара. Талапты сақтамайтын жүргізушілерді табу қиынға түспеді.

«Жарты сағаттың ішінде автобус жолына шығып кеткен 15 көлік анықталды. Соның 3-еуі ғана ережені бірінші рет бұзған, ал қалғаны бұған дейін де сақтамай келген. Бұл – көбі ережені сақтай бермейді деген сөз. Ондайға қатаң шара қолданамыз», – деді ПД патрульдік полиция қызметкері Бауыржан Жақсылықов.

Патрульдік полицейлер екінші рет ереже бұзғандарға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 30 мың 630 теңге айыппұл салды.

Ережені сақтамаған кейбір жүргізуші автобус жолына түсіп қана қоймай, жол ортасына тоқтап, қоғамдық көліктің қозғалысына кедергі келтіреді. Осылайша оларға бөгет жасау арқылы кептеліс тудырады. Полиция қызметкерлері қақ ортаға тоқтай қалған көлік жүргізушілерін де тексерді. Оларды да жауапқа тартты. Мұндай әрекеттің кептелістен бөлек, жол апатына әкелуі мүмкін екенін түсіндірді.

«Көлікті 2-қатарға қойып тастайды да, біз қиналамыз. Өте алмаймыз», – деді қоғамдық көлік жүргізушісі Тұрғынжан Ауытов.

Бұл – қоғамдық көлікті 37 жыл айдаған жүргізушінің жанайқайы. Ереже сақтамағандар оған ғана емес, троллейбус немесе автобус ішіндегі жолаушыларға да қолайсыздық туғызатын көрінеді. Ал жыл басынан бері қалада көлік жүргізушілеріне 1 миллиард теңге айыппұл салынған екен.

Оразай Нұртай, Сағындық Нарықов, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир