Алматыда жылу желілерінде жөндеу жұмысын жүргізуге байланысты бірнеше көшеде автомотокөліктердің қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
2023 жылғы 16 тамызда сағат 10.00-ден бастап Әуезов ауданында Сүлейменов көшесімен Тоқтабаев көшесінен Пятницкий көшесіне дейін, сонымен қатар Түрксіб ауданында 16 тамызда сағат 21.00-ден, 17 тамызда сағат 06.00-ге дейін Сейфуллин көшесінен Монтина көшесіне дейін (шығыс бағытта) көлік қозғалысы шектеледі.
Аталған көшелер астындағы магистральдық құбыр учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген аумақты айналып өту жолын алдын ала қарастыруды сұрайды.
Оқи отырыңыз: Құлжа тас жолы мен Бұқтырма көшесінің қиылысындағы жол тексеруден кейін қайта төселді